Шығыс Қазақстанда мыңнан астам ірі қараға арналған сүт фермасы ашылды

0
103

Алдағы уақытта фермаға голштин тұқымындағы асыл тұқымды ірі қара әкелу көзделіп отыр.


Шығыс Қазақстанда мыңнан астам ірі қараға арналған сүт фермасы ашылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 1075 бас ірі қараға арналған сүт-тауарлы фермасы салтанатты түрде ашылды, деп жазады sputnik.kz.

Алтай ауданының Полянское ауылындағы 1075 басқа арналған ферманың жалпы инвестиция көлемі 10,1 млрд теңгені құрайды.
"Құрылыс жұмыстары өткен жылдың сәуір айында басталып, 2025 жылдың қараша айында аяқталды. Қазіргі таңда нысанда заманауи жабдықтар орнатылып, қажетті техника сатып алынған. Сондай-ақ жемшөп базасын дамыту бағытында қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Алдағы уақытта ферма жоғары өнімді техникамен толық жабдықталып, голштин тұқымындағы асыл тұқымды ірі қара әкелу көзделіп отыр.
Жоба іске қосылғаннан кейін кәсіпорында жылына 6 мың тоннаға дейін сүт өндіру жоспарланған. Қазіргі уақытта компанияда 82 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.