Шығыс Қазақстанда тағы 3 жолда көлік қозғалысы шектелді

0
105

Шектеулер бүгіннен бастап қыс мезгілінің соңына дейін жалғасады.


Шығыс Қазақстанда тағы 3 жолда көлік қозғалысы шектелді

Фото: ҚазАвтоЖол

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше жолда кейбір көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды, деп жазады inbusiness.kz.

"Өскемен-Тарғын-Самар тасжолының 63-145 шақырымында, Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік тасжолының 18-60 шақырымында және Теректі-Ұрұнхайка-Төсқайың тасжолының 7-57 шақырымында кез келген үлгідегі тіркемелері немесе жартылай тіркемелері бар жүк көліктері мен тракторлардың қозғалысы үшін шектеулер енгізіледі. Сондай-ақ облыстық маңызы бар жолдарда механикалық көлік құралдарын сүйретуге тыйым салынады", – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, көлік жүргізушілері жолдағы шектеулерге қатысты ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып ала алады.