Жерасты тау кен өндірісінде өрт шығып, екі жүз адам қауіпсіз жерге шығарылғаны хабарланды. Жұмыс тоқтатылған жоқ.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанда Риддер-Сокольный кен орнының жұмысшылары эвакуацияланды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"14 сәуір күні жерасты өндірісінде өрт болу қаупіне байланысты 206 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - деп хабарлады Риддердің төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы.
Төтенше оқиғаға отты пайдалану ережесінің сақталмауы себеп болуы мүмкін екені айтылды.
Өндірісте жұмыс тоқтатылған жоқ.
"Қазмырыш" ЖШС тау-кен байыту кешенінің Риддер-Сокольный алтын кен орны Риддердің шетінде орналасқан. Орталықтан шамамен үш шақырым жерде.
Жерастында жылына орташа есеппен 1,6 миллион тонна кен өндіріледі. Құрамындағы алтын тоннасында екі грамм дегейінде.