Шабуыл салдарынан барлығы 38 адам зардап шеккен.
Фото: primeminister.kz
ERNUR.KZ. Австралияның Сидней қаласындағы Бонди-Бич жағажайында болған теракт салдарынан қаза тапқандар саны 16 адамға дейін өсті, деп жазады zakon.kz.
ABC телеарнасының мәліметінше, қаза болғандардың арасында шабуыл жасағандардың бірі де бар.
Телеарна дерегіне сәйкес, шабуыл салдарынан барлығы 38 адам зардап шеккен. Олардың 29-ы ауруханаға жатқызылып, медициналық көмек алып жатыр.
Сондай-ақ Сиднейде қарулы шабуылдаушыны залалсыздандырған адамның кім екені белгілі болды. Ол – 43 жастағы жеміс дүкенінің иесі Ахмед Аль-Ахмед. Бұл туралы news.com.au порталы оның немере ағасы Мустафаның сөзіне сілтеме жасап жазды.
Туысының айтуынша, Ахмед екі рет оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.
"Қазір ол клиникада жатыр, жағдайының нақты қандай екенін әлі білмейміз", – деді ол.


