Синоптиктер ШҚО өзендерінде су деңгейі көтеріледі деген болжам жасады

0
833

2022 жылдың 6 наурызында ауа температурасының көтерілуі және аралас жауын-шашынға байланысты қарқынды түрде қар еріп, жауын-шашыннан ағын қалыптасуы мүмкін.


Синоптиктер ШҚО өзендерінде су деңгейі көтеріледі деген болжам жасады

ERNUR.KZ. Синоптиктер ШҚО өзендерінде су деңгейі көтеріледі деген болжам жасады, деп жазады Tengrinews.kz

2022 жылдың 6 наурызында ауа температурасының көтерілуі және аралас жауын-шашынға байланысты Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында қарқынды түрде қар еріп, жауын-шашыннан ағын қалыптасуы мүмкін.
"6-8 наурыз аралығында ауа температурасы көтеріліп, аралас жауын-шашын жаууына байланысты Шығыс Қазақстан облысында қар қарқынды еріп, көлбеу ағын қалыптасуы және өзендердегі су деңгейі көтерілуі күтіледі", - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, секундына 25 метрге дейін жел соғады.