Акция аясында халық арасында жоғары сұранысқа ие жаңа піскен көкөністер, жемістер ұсынылады.
фото: Sputnik / Павел Лисицын
ERNUR.KZ. Қазақстанның ірі сауда желілерінде "БерекеFest" акциясы басталады, деп жазады sputnik.kz.
Акция аясында жаңа өнімдер, әсіресе, халық арасында жоғары сұранысқа ие жаңа піскен көкөністер, жемістер мен сиыр еті ұсынылады.
"Сауда желілері қазақстандық өндірушілер үшін арнайы орындар бөліп, өнімдерді нарықтан төмен бағада сатуға мүмкіндік береді. Бұл ішкі өндірісті қолдап қана қоймай, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағасының тұрақтануына ықпал етеді", - делінген ресми хабарламада.
Ал ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті әкімдіктер ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін көбірек өткізуге кірісті.
"Бұл өз кезегінде тұтынушылардың сапалы отандық тауарларға тікелей қол жеткізуіне жағдай жасап, делдалдардың соңғы бағаға ықпалын төмендетеді", - дейді министрлік мамандары.