Полиция қылмыстық оқиғаны растады.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Булаево қаласында 14 жасар қыз зорланды. Бейресми мәліметтерге сәйкес күдікті бұрын сотталған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полиция қылмыстық оқиғаны растап отыр. Жапа шегушінің жағдайы белгісіз.
«15 ақпанда СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Булаев қаласындағы үйлердің бірінде 14 жасар қыздың зорланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті ҚР ҚК 120-бабы 1-тармағының 3-1-бөлігі «Зорлау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді», - делінген СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі жолдаған хабарламада.
Полиция қызметкерлері Булаев қаласының 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, істің мән-жайын зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.
«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Азаматтардан тек тексерілген, расталған ресми ақпаратқа назар аударуды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар аталған ауданда мектепе оқушысы сабаққа пышақ апарып, басқаларды қорқытатыны жайында ақпарат тарады. Полиция қызметкерлері аталған арызға қатысты да жауап берді.
«Сондай-ақ Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне мектеп оқушысының сыныптастарын пышақпен қорқыту фактісі бойынша өтініштер түспегенін хабарлаймыз», - делінген Полиция департаменті жолдаған ақпаратта.
Қазіргі уақытта көпті жаға ұстатқан зорлау фактісі бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жүргізуде.
Бұған дейін Петропавлда мект еп оқушысы сабаққа балта апарып, 3 оқушыны жаралағанын жазған болатынбыз.