Солтүстік Қазақстан облысының волонтерлері әлеуметтік желіде Сергей Лебедевке іздеу жариялады.
ERNUR.KZ. Балық аулауға кеткен Петропавл тұрғыны Сергей Лебедев 5 күннен бері табылмай жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Солтүстік Қазақстан облысының волонтерлері әлеуметтік желіде Сергей Лебедевке іздеу жариялады. 43 жастағы тұрғын үйінен 21 қыркүйек күні сағат 13.00 шамасында шығып кеткен. Айтуынша, Қызылжар ауданы Красный Яр елді мекені маңында Есіл өзеніне барып балық ауламақ болған. Содан бері ер адамнан хабар жоқ.
Сергейдің бойы шамамен 183-185 см аралығында. Арықша келген, қою-қоңыр түсті, сақалды. Сол жақ иығында «скорпион» тату белгісі бар. Сол күні үстінде балықшының киімі, қоңыр түсті бейсболка болған.
Сондай-ақ осы күні Петропавлда Юрий Волосников есімді тұрғын іздестіріліп жатыр. 1961 жылы туған ер адам 24 қыркүйек күні Петропавлдағы Сүтішев көшесіндегі үйінен белгісіз жаққа кеткен. Содан бері хабарсыз.
Ер адамның бойы 158-160 см шамасында, арықша келген, қоңыр шашты, оң жақ бетінде меңі бар. Үстінде қоңыр күртеше, көк футболка мен джинс шалбары, аяғында қоңыр аяқ киім болған.
Ер адамдарды көрген-білгендер 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 немесе 102 телефон нөміріне хабарласа алады.