​СҚО-да кардиолог мамандар тапшы

0
1 376

Өңірде 13 аудан болса, соның екеуінде ғана маман бар


​СҚО-да кардиолог мамандар тапшы

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында кардиолог дәрігерлер жетіспейді. Өңірде 13 аудан болса, соның екеуінде ғана маман бар, деп жазады ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кардиологтар облыстың Қызылжар және Ғ. Мүсірепов аудандарында ғана бар. Жеті ауданда кардиологтың міндетін осы мамандық бойынша жарты жылдық қайта даярлықтан өткен басқа сала дәрігерлері қоса атқарып жүр. Ал, Жамбыл, Мамлют, Тимирязев және Шал ақын аудандарында кардиологтың жұмысына арнайы курстан өткен терапевтер жауапты. Петропавл қаласында емханалар кардиологтармен толық қамтылғанымен, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін нысандардың кардиостандарттармен жарақтандырылуы төмен.