Солтүстік Қазақстан облысында биыл 4,4 млн га ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі

0
408

Шаруаларды жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан 52,2 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді


Солтүстік Қазақстан облысында биыл 4,4 млн га ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі

фото: Пресс-служба президента Казахстана

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі егіс жұмыстарын 4,4 млн гектар аумақта жүргізу жоспарланып отыр, деп жазады sputnik.kz.
Оның ішінде 3,3 млн гектар жерге дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 760 мың гектарға майлы дақылдар, 392 мың гектарға мал азықтық дақылдар себіледі.
"Сондай-ақ 6,5 мың гектар жерге картоп, 1,3 мың гектарға көкөніс дақылдары егіледі. Егіс науқанына дайындық аясында 3 млн гектар алқапта жерді жырту жұмыстары, 1,5 млн гектарда қар тоқтату шаралары жүргізілді", - делінген хабарламада.
2025 жылы тұқым жаңарту үлесін 11,2%-ға дейін жеткізу жоспарланған, бұл 52,6 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда 470 мың тонна тұқым себуге дайындалған.
Шаруаларды жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан литрі 254 теңгеден 52,2 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.
Өңірдегі ауыл шаруашылығы техникасының дайындық деңгейі 91%-ды құрайды. 2025 жылы аграршылар 9,7 млрд теңгеге 275 бірлік техника сатып алды.
Көктемгі егіс жұмыстарын жедел бақылау және үйлестіру мақсатында облыста жедел штаб құрылған.