Солтүстік Қазақстанда үш адамның жұмбақ өлімі бойынша тергеу басталды

0
100

Күлдің арасынан 58 жастағы әйелдің, сондай-ақ, жасы 44 және 46 дағы екі ер адамның денесі табылды


Солтүстік Қазақстанда үш адамның жұмбақ өлімі бойынша тергеу басталды

фото: ИА "Новости-Казахстан"

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында жанып кеткен жеке меншік үйдің ішінен үш адамның мәйіті табылды, деп жазады inform.kz.
Қайғылы оқиға Полтавка ауылында болған. Өрт сөндірушілер 13 шақырым шалғай жерден жеткенше жеке меншік үй толығымен отқа оранған. Оқиға орнында үш арнайы техника мен сегіз өрт сөндіруші жұмыс істеген. Алайда үй түгі қалмай жанып кетті.
Күлдің арасынан 58 жастағы әйелдің, сондай-ақ, жасы 44 және 46 дағы екі ер адамның денесі табылды. Біреуі - марқұмның күйеу баласы. Ал 35 жастағы қызы аман қалды.
Сарапшылар марқұмдар өрттен емес, адамның қолынан қаза тапқан деп болжап отыр.
Қайтыс болған екі ер адам ауылдағы жеке шаруашылықта жұмыс істеген. Ал қайтыс болған үйдің иесі жұмыссыз болған.