Сорбұлақта жоғалған тікұшақтың үшінші экипаж мүшесінің денесі табылды

0
128

12 тамызда су астындағы жұмыстар барысында экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылды.


Сорбұлақта жоғалған тікұшақтың үшінші экипаж мүшесінің денесі табылды

Фото: ҚР ҚМ

ERNUR.KZ. Сорбұлақта жоғалған тікұшақтың үшінші экипаж мүшесінің денесі табылды, деп жазады tengrinews.kz.

12 тамызда су астындағы жұмыстар барысында экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылды.

Еске салсақ, 9 тамызда су астындағы іздеу жұмыстары кезінде экипаж командирі – майор Нұржігіт Қайратұлы Үйсінбаевтың денесі табылып танылған еді. Армиялық авиацияның (ВиИР) эскадрилья командирінің орынбасары, 1-санатты ұшқыш, EC-145 тікұшағын басқаруда мол тәжірибесі бар, жалпы ұшу уақыты 930 сағатты құраған. Ол жоғары кәсіби дайындық деңгейімен, жауапкершілігімен, бастамашылдығымен және әскери борышына адалдығымен ерекшеленген, әріптестері мен басшылықтың құрметіне ие болған.

11 тамызда іздеу топтары авиациялық эскадрильяның авиациялық буынының борттық технигі – 1-санатты маман, капитан Бахтияр Сәниоллаұлы Ержігітовтің денесін тапты. Ол EC-145 тікұшағын басқаруда 300 сағаттық тәжірибесі бар, авиация бөлімдерінде ұзақ жылдық қызмет өтілімен және кәсіби даярлықтан өткен білікті маман болған.

12 тамызда экипаж командирінің көмекшісі капитан Аман Нұрланұлы Амангелді табылды. Тәжірибелі ұшқыш, күрделі метеожағдайларда бірнеше рет ұшып, түрлі деңгейдегі оқу-жаттығулар мен операцияларға қатысқан. Жоғары орындаушылық тәртібімен және мінсіз қызмет беделімен ерекшеленген. EC-145 тікұшағында жалпы ұшу уақыты 295 сағатты құраған.

Үшеуі де әуе қорғанысы күштері Әскери институтының түлектері, әріптестері мен командованиесінің терең құрметіне ие, әрдайым көмекке келуге дайын, жанашыр жандар болған.

Су айдыны мен оған іргелес аумақты тексеру бойынша іздеу жұмыстары жалғасуда. Тікұшақтың сынықтарын табу және көтеру жұмыстары жүргізілді. Апаттың себебін анықтау үшін тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің басшылығы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына терең қайғыра көңіл айтып, барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.