Степногорскіде үй өртеніп, бес жасар бала қайтыс болды

0
527

Отағасы әйелі мен екі баласын от жалынынан алып шыққан. Өкінішке қарай, 2016 жыл туылған үлкен ұлы қаза тапты.


Степногорскіде үй өртеніп, бес жасар бала қайтыс болды

ERNUR.KZ. Степногорскіде жеке үйлердің бірінен өрт шығып, үй иесі әйелі мен екі баласын алып шыққан, алайда үлкен ұлына көмектесуге үлгере алмады. Тілсіз жаудың салдарынан 5 жастағы бала қайтыс болды, деп жазады Stan.kz.

Қайғылы оқиға Ақмола облысы Степногорск маңындағы Байқоныс ауылында таңғы сағат жетінің шамасында болған.

"85 шаршы метр аумақта орналасқан екі бөлмелі үйден өрт шықты. Үйде бес адамнан тұратын отбасы тұрған. Отағасы әйелі мен екі баласын от жалынынан алып шыққан. Өкінішке қарай, 2016 жыл туылған үлкен ұлы қаза тапты. Күйік шалған ер адам Степногорск облыстық ауруханасына жатқызылды", – деп мәлімдеді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт 07:14-те ауыздықталып, 07:46-да толық сөндірілді. Өрттің шығу салдары анықталуда. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің алты қызметкері мен бір техникасы қатысқан.