Су тасқыны: "Қазгидромет" үш өңірдің тұрғындарына ескерту жасады

0
537

"Қазгидромет" елдің 10 өңірін су басу қаупі жоғары екенін болжаған.


Су тасқыны:

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" алдағы күндері бірнеше өңірдегі тасқын болуы мүмкін екенін ескертті, деп жазады ulysmedia.kz.

«10 -12 наурыз аралығында Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жауын-шашынның көп түсуіне, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілмек. Аталған өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын "Қазгидромет" елдің 10 өңірін су басу қаупі жоғары екенін болжаған.

Ал ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин республика бойынша 255 елді мекенді су басуы мүмкін екенін айтты, оның сөзінше, бұл – 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат.