Сүлейменованың Мәжілістегі өкілеттігі тоқтады

0
86

29 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған еді.


Сүлейменованың Мәжілістегі өкілеттігі тоқтады

Фото: Мәжіліс

ERNUR.KZ. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттың өкілеттігі тоқтатылды, деп жазады inform.kz.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманакумов Жұлдыз Сүлейменованың басқа қызметке ауысуына орай оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды жариялады.

Палата отырысында депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылдады.
Еске салсақ, 29 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған еді.
Ол бұған дейін VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2023 жылдан бастап VIII сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.