"Суши-барда мина бар». Алматыда жалған ақпарат берген азамат іздестірілуде

0
1 654

«Төрт объектіге жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Бірақ ақпарат расталмады. Сондай-ақ, жалған хабар таратқандарға жаза қолдануды ешкім алып тастамағанын айтқымыз келеді".


иллюстрациялық сурет

Алматыда бірнеше ғимаратқа жарылғыш заттар қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Жалған ақпарат таратқан азамат іздестірілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ Baq.kz.-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметіне сүйенсек, жарылғыш зат табылмады. Қазір арнайы қызметтер телефон арқылы жалған хабар таратқан террористі іздестіріп жатыр.

«Төрт объектіге жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Бірақ ақпарат расталмады. Сондай-ақ, жалған хабар таратқандарға жаза қолдануды ешкім алып тастамағанын айтқымыз келеді. Қазір Алматының арнайы ІІД бөлімдері жұмыс істеп жатыр. Әрине, жедел шараларды жүзеге асыру белгілі бір уақытты талап етеді. Ерте ме, кеш пе кінәлі азамат немесе кінәлілер ұсталады. Мен, тіпті, мұны жасап отырғандардың біреу немесе бірнешеу екенін де білмеймін. Олар ҚР ҚК 273-бабына сәйкес жазаларын өтейтін болады», - деп мәлімдеді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.