Сыртқы істер министрлігі өкілеттілігі кеңейтілді

0
121

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Сыртқы істер министрлігі өкілеттілігі кеңейтілді

Фото: senate.parlam.kz

ERNUR.KZ. ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 10 қазандағы қаулысымен ҚР Сыртқы істер министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп жазады zakon.kz.

Атап айтқанда, Ережеге Министрліктің жаңа функциялары қосылды:

  • шетелде адам саудасының құрбаны болған ҚР азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
  • қазақстандықтарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, ҚР танылған босқындарды және республикада тұрақты тұратын, шетелде адам саудасының құрбаны болған азаматтығы жоқ адамдарды тиісті құжаттармен қамтамасыз ету және ҚР-ға қайтару жөнінде шаралар қабылдау;
  • адам саудасының алдын алу бойынша шаралар қабылдау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалауға және оларды барынша азайту жөнінде ұсыныстар енгізуге қатысу;
  • Республика заңнамасында белгіленген тәртіппен оларға көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін адам саудасының құрбандарын қайта жіберуге қатысу;
  • ішкі істер органдарын өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не адам саудасына байланысты жасалған қылмыстар фактілері туралы хабардар ету;
  • адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы жұртшылықты хабардар ету;
  • ҚР азаматтарының өтініштерін өз құзыреті шегінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарау;
  • цифрлық трансформацияны жүргізу.

Сонымен қатар, жаңа редакцияда келесі тармақ көрсетілген:

  • терроризмге және адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласындағы ҚР сыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.