​Талапкер назарына: ЖОО-ға құжат қашан қабылданатыны белгілі болды

0
109

Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді.


​Талапкер назарына: ЖОО-ға құжат қашан қабылданатыны белгілі болды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерге арналған күнтізбені жариялады, деп жазады inform.kz.

Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді.

ЖОО-ға құжаттарды қабылдау мерзімі – 20 маусым-25 тамыз.
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі).
Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады.

Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді.

Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады.
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан ала алуға болады.
Биыл елорда әкімдігі талапкерлерге қанша грант бөлетінін жазған болатынбыз.