Мойыны мен жамбас етінің жұлым-жұлымы шығып, басынан зақым алған.
фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Талдықорғанда 7 жастағы баланы питбуль тұқымды екі ит талап өлтірді, деп жазады 24.kz.
Бұл жантүршігерлік оқиға Мерекелік саяжай аумағында болған. Төбелестіруге арналған асылтұқымды иттер көшеден өтіп бара жатқан балаға тұтқиылдан тап берген.
Мойыны мен жамбас етінің жұлым-жұлымы шығып, басынан зақым алған оқушы дереу ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оны өлім аузынан аман алып қала алмады.
Бұл деректі Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі растады.
Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.