Талдықорғанда 700-ге жуық сәбиге дәрі қобдишасы берілмеген

0
558

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.


Талдықорғанда 700-ге жуық сәбиге дәрі қобдишасы берілмеген

ERNUR.KZ. Талдықорған қаласының прокуратурасы тегін берілетін дәрі қобдишасын 700-ге жуық нәресте алмағанын анықтады, деп жазады sputnik.kz.

Айта кетері, заңға сәйкес ана мен балаға перзентханадан шыққанда "Алғашқы медициналық көмек қобдишасы" міндетті түрде берілуі керек.
"Алайда Талдықорған қаласының медициналық ұйымдарында (босандыру) көрсетілген заңнама талаптары орындалмаған. Прокуратураның тексерісінен кейін 673 жаңа туған нәрестеге тегін дәрі қобдишасы берілді", - делінген прокуратура хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.