Талдықорғанда теміржолда газ тиелген цистерналар аударылды

0
87

Қауіпсіздік мақсатында қауіпті учаске уақытша қоршалды.


Талдықорғанда теміржолда газ тиелген цистерналар аударылды

Pixabay.com

ERNUR.KZ. Талдықорғанда теміржол желісінде газ тиелген екі цистерна аударылып қалды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Оқиға 31 қаңтар күні кешкі уақытта Абылай хан көшесіндегі тұйық теміржол учаскесінде болған. Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, сағат 21:23 шамасында пропан тиелген екі вагон рельстен шығып, бүйірімен құлаған. Газдың сыртқа шығуы тіркелмеген.

Оқиға орнына 25 құтқарушы мен 7 техника, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері жеткен. Жедел штаб құрылған. Теміржол төсеміне зақым келмеген, зардап шеккендер жоқ. Жағдай толық бақылауда.

Қауіпсіздік мақсатында қауіпті учаске уақытша қоршалды. Құтқарушылар тұрғындарды сабыр сақтап, сақтық шараларын ұстануға үндеді.