Тәліптер босқындардың атын жамылып, өздерінің құпия адамдарын жібере алады.
иллюстрациялық фото
Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы, осылай деді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.
Ол еліміздің арнайы қызметтері тәліптердің өз идеологияларын біздің елде таратуын тоқтатуға дайын болуы қажет екенін атап өтті. Қазақстан Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдермен шектесуі, қауіптің бар екенін, біз бұған өте жақсы дайындалуымыз керек екенін айтты.
"Босқындардың атын жамылып, 10-15 пайыз өз адамдарын жіберіледі. Олар біздің қоғамға, біздің өмірімізге сенім арқылы, ислам арқылы, радикалды ағымдар арқылы кері әсер етеді. Біздің қоғам бұған дайын емес. Біз өз территориясындағы ауған халқына емес, өз қандастарымызға көмектесуіміз керек. Ауған халқына шынымен де бейбітшілік жетіспейді. Ал Талибандардың мақсаты - өз идеологиясын тарату", - дейді Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері ҚБ кеңесінің төрағасы Мұрат Абдушкуров.
Қазақстанға Ауғанстаннан бүгін тағы 120 қызметкер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері көшірілді. Өткен аптада БҰҰ -ның жүзге жуық қызметкері қашықтықтан жұмысын жалғастыру үшін Кабулдан Алматыға жеткізілген болатын.