Танымал туристік орындарда 500-ге жуық қоғамдық дәретхана жетіспейді

0
791

Мамандар туристік дестинациялар мен гранд-турлардағы инфрақұрылымның жай-күйіне зерттеу жүргізді.


Танымал туристік орындарда 500-ге жуық қоғамдық дәретхана жетіспейді

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның танымал туристік орындарында 500-ге жуық қоғамдық дәретхана жетіспейтінін анықтады, деп жазады sputnik.kz.

Мамандар туристік дестинациялар мен гранд-турлардағы инфрақұрылымның жай-күйіне зерттеу жүргізді. Сонымен қатар вокзалдарды, жанармай құю станцияларын, тамақтану пункттерін және басқа да нысандарды тексерді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін зерттеу нәтижелері мен қосымша ұсыныстар әкімдіктер мен бейінді мемлекеттік органдарға жіберілді.
Атап айтқанда, 493 дәретхана мен қоқыс контейнерлерін орнату, интернет пен ұялы байланыс сапасын арттыру, туристік базаларға дейін ішкі жолдарды салу қажет.
Жергілікті атқарушы органдар "жұмсақ" инфрақұрылымды жақсарту, коммуникациялар жүргізу және дәретханалар салу бойынша жұмысты жандандыруға тиіс.
Санитарлық-гигиеналық тораптарды таза ұстау үшін мемлекет ай сайын 83 мың теңге көлемінде субсидия беруге дайын. Әкімдіктер жіберген ақпаратқа сәйкес, жергілікті кәсіпкерлер тарапынан бұл механизм бойынша 11 өтінім мақұлданған. Оның үшеуі Ақмола облысынан, екеуі ШҚО және Абай облыстарынан, төртеуі Жамбыл және Қарағанды облыстарынан, тағы екеуі Қостанай облысынан.