Тараз қаласында автокөлік және тұрғындардың қозғалысы мәселесі шешілуде

0
113

Тараз қаласында Абай даңғылының бойында теміржол арқылы өтетін автомобиль қозғалысына арналған жол өткелі болатын көпір құрылысы жалғасуда.


Тараз қаласында автокөлік және тұрғындардың қозғалысы мәселесі шешілуде

ERNUR.KZ. Жобаны іске асыру Тараз қаласының тұрғындары үшін көлік логистикасын едәуір жақсартуға, автокөлік қозғалысының тиімділігін арттыруға және тұрғындар үшін көлік қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жайлы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Жаңа тұрғын үй алқаптарының қала орталығымен көлік байланысын қамтамасыз ету үшін 50 шақырым асфальт автомобиль жолдары салынып, ұзындығы 10,3 шақырымды құрайтын 3 көше қайта жаңғыртылды, 35 шақырым жаяу жүргінші жолдары жабдықталды, 59 шақырымға жуық суару арықтары жөнделіп, төселді.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда 271 заманауи автобус сатып алынып, Тараз қалалық автокөлік паркі 82%-ға жаңартылды.

«Ағымдағы жылы әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 46,6 млрд теңге бөлінді, яғни өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға өсті. Президенттің «10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру» бойынша тапсырмасы аясында кәсіпкерліктің жаңа бастамаларын қолдау есебінен 16,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұдан басқа, өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында облыс бойынша 57,3 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 40,4 мыңы – тұрақты. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 42,8 мың адам қамтылды.Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрайды. Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 10,2%-ға артып, 308 мың теңгені құрады», – деді Е. Қарашөкеев.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 29,5%-ға қысқарды.Тараз қаласы мен барлық аудандарда 11 отбасыларды қолдау орталықтары ашылды, онда өмірлік қиын жағдайға тап болған 826 отбасыға көмек көрсетілді. Жыл соңына дейін бюджеттен тыс қаржы есебінен Тараз қаласында 200 орындық жаңа белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашу жоспарлануда.