Күдікті еш жерде есепте тұрмайды.
фото: AP Photo / Dieu Nalio Chery
ERNUR.KZ. Тараз қаласының тұрғыны туған анасын зорлады деген күдікке ілінді, деп жазады sputnik.kz.
Күдіктінің жасы 22-де. Қылмыс жасағанда алкогольдік ішімдік ішпеген, сап-сау болған. Еш жерде есепте тұрмайды.
Тараз қаласының полиция басқармасы осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
"Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер 22 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.