​Таразда 6 қазаннан бастап жылу беріле бастайды

0
109

Жылуды қосу туралы шешім Тараз қаласының әкімі мен энергетика саласының жетекшілері қатысқан қалалық штабтың отырысында қабылданды.


​Таразда 6 қазаннан бастап жылу беріле бастайды

Фото: агентство Kazinform

ERNUR.KZ. Келесі аптадан бастап облыс орталығында жылыту маусымы басталады. Алдымен жылу әлеуметтік нысандарға беріледі, ал шаһарға 15 қазанға дейін толықтайжылу беріледі деп жоспарланған, деп жазады kaz.inform.kz


Жылуды қосу туралы шешім Тараз қаласының әкімі мен энергетика саласының жетекшілері қатысқан қалалық штабтың отырысында қабылданды.

Бірінші кезең 6 қазанда басталады — үш күн ішінде денсаулық сақтау, білім беру және басқа да әлеуметтік нысандарға жылу беріледі.

9-15 қазан аралығында екінші кезең өтеді: осы уақытта 1210 көпқабатты үй, жатақханалар, қонақ үйлер, әкімшілік ғимараттар және басқа нысандар жылу жүйесіне қосылады.

“ Таразда жылу өндіру және тасымалдаумен айналысатын бес кәсіпорын жұмыс істейді. Жылу маусымында олар 1780 нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Барлық өтінім берген ұйымдар дайындық паспортымен қамтамасыз етілді. Жылыту маусымына дайындық деңгейі 100 пайызды құрайды “, — деп хабарлады қала әкімдігінің медиа орталығы.
Бұған дейін Жамбыл облысында жылу қашан қосылатыны туралы хабарлаған болатынбыз.