Бүгінде ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Олар күш көрсету арқылы қорқытып, өңірлік бизнес-орта өкілдерінің бірінен ақшалай қаражат бопсалаған. Биылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында тиісті соманы алғаннан кейін ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мүшесі «Р» және «Д» қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. Сондай-ақ, 23-24 мамырда іс-шара барысында осы қылмысқа қатысы бар қылмыстық топтың тағы екі мүшесі анықталып, ұсталды» делінген хабарламада.
Бүгінде ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.