2023 жылғы 1 қараша күні Тараз қаласында бөлке нанның бағасы 100 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілген.
ERNUR.KZ. Таразда нан бағасы 20 теңгеге өсті, деп жазады zakon.kz.
2023 жылғы 1 қараша күні Тараз қаласында бөлке нанның бағасы 100 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілуіне орай Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің және Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының қызметкерлері тарапынан шұғыл түрде мониторинг жүргізілді.
"Мониторинг барысында кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы органдарға ескертпестен өз бетінше нан бағасын өсіргені анықталды", – делінген Сауда комитеті жариялаған хабарламада.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, осы жағдайға байланысты шұғыл түрде облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің төрағалығымен құзырлы органдардың, кәсіпкердердің қатысуымен жиын өткізілді.
"Осыған орай кәсіпкерлермен 1 бөлке нанның бағасын 100 теңгеден ұстап тұруға келістік", – делінген хабарламада.
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Сенат кулуарында неге Қазақстанда нан Өзбекстанға қарағанда қымбат екенін түсіндірді.