Таразда оқушы пышақ жарақатынан көз жұмды

0
127

Жамбыл облысының полиция департаменті "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.


Таразда оқушы пышақ жарақатынан көз жұмды

фото:Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Таразда оқушы пышақ жарақатынан көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Желіде тараған ақпарат бойынша 1 қыркүйекте Таразда екі жасөспірім арасында жанжал болған.
Онда көз жұмған оқушы жүрек тұсынан жарақат алғаны айтылған.
Жамбыл облысының полиция департаменті "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.