Таразда ЖШС келісімшартта тұрғындардың қолтаңбасын қолдан жасаған

0
99

Келісімшарт көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін жасалған.


Таразда ЖШС келісімшартта тұрғындардың қолтаңбасын қолдан жасаған

фото: СC0 / Wokandapix /

ERNUR.KZ. Тараз қаласының прокуратурасы 60 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактісін анықтады, деп жазады sputnik.kz.
Қалалық прокуратура ЖШС қызметін тексеру барысында көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін жасалған төртжақты келісімшартта тұрғындардың қолтаңбаларының қолдан жасалғанын анықтады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге мердігер ұйымды таңдау үй кеңесінің құзыретіне жатады.
Алайда бұл жағдайда тұрғындарға мердігерді таңдауға мүмкіндік берілмей, олардың қолтаңбалары қолдан жасалған.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сонымен қатар серіктестік қызметін тексеру нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға бөлінген 59 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Аталған қылмыстық істі тергеу Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.