​ Тараздағы саябақта ер адам өлі табылды

0
174

Жұмысқа бара жатқан жүргіншілер ағаштың түбінде жатқан ер адамның денесін байқаған.


​  Тараздағы саябақта ер адам өлі табылды

фото:видео кадры

ERNUR.KZ. Таразда қалалық саябақтың маңынан өтіп бара жатқан адамдар денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйітін тауып алды, деп жазады tengrinews.kz.

Жұмысқа бара жатқан жүргіншілер ағаштың түбінде жатқан ер адамның денесін байқаған. Жақыннан қарағанда, оның басы қатты жарақаттанғаны анықталған. Редакцияға оқиға орнынан түсірілген видео келді, бірақ этикалық себептерге байланысты оны жарияламау туралы шешім қабылданды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұл факт бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Марқұмның жеке басы анықталды.

"Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Кейін әлеуметтік желілерде өлтірілген адам құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Алайда полиция бұл мәліметке түсініктеме берген жоқ.