Тараздағы ҰҚК подполковнигінің өлімі: оқиғаның мән-жайы айтылды

0
538

Таразда ҰҚК подполковнигінің өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды.


Тараздағы ҰҚК подполковнигінің өлімі: оқиғаның мән-жайы айтылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Ғимаратты қорғау кезінде жеке құрамның өмірі мен денсаулығына, күзетілетін нысан қауіпсіздігін, сондай-ақ атыс қаруы бөлімін басып алу қаупін ескере отырып, шабуылдаушыларға жауап ретінде оқ атылды", - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі.

Шекара қызметі департаментінің арнайы жасақ тобымен бірлесе отырып, 3 қарулы шабуылға тойтарыс берілген.

"Жамбыл облысы ҰҚКД Терроризмге қарсы орталығының бөлім бастығы подполковник Дастан Әділбай оқ жарақатынан қаза тапты", - деді ведомство өкілі.

Жамбыл облысы бойынша құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобының аясында 30 тұлғаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Еске салайық, 6 қаңтарға қараған түні Таразда 350-ге жуық адамнан тұратын топ ҰҚК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментін басып алмақ болғаны хабарланған еді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғауда сіңірген еңбегі үшін Дастан Әділбайды ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттауды тапсырған болатын.