Тәртіпсіздікке қатысқаны үшін бір адамға 20 доллардан 100 долларға дейін төлеген – прокуратура

0
584

Тергеу барысында қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларды қаржыландырған азаматтар анықталды.


Тәртіпсіздікке қатысқаны үшін бір адамға 20 доллардан 100 долларға дейін төлеген – прокуратура

ERNUR.KZ. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп жазады Zakon.kz.

Тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.Елдос Қилымжанов

Елдос Қилымжановтың айтуынша, Алматы облысында Талдықорғандағы тәртіпсіздіктерді қаржыландырған, сонымен қатар азаматтардың мүлкіне зиян келтіруге және мемлекеттік нысандарды басып алуға ықпал еткен «О» және «Н» азаматтары анықталды.

Тәртіпсіздікке қатысқаны үшін бір адамға 20 доллардан 100 долларға дейін төленген. Бұл фактілер тергеу барысында анықталып, тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінген адамдардан жауап алынған кезде расталды.Елдос Қилымжанов