Тасмағамбетовтың орнына кім келетіні белгілі болды

0
76

Бұл туралы РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков брифингте мәлімдеді.


Тасмағамбетовтың орнына кім келетіні белгілі болды

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовты 1 қаңтардан бастап Таалатбек Масадықов алмастырады. Бұл туралы РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков брифингте мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі уақытта Масадықов — ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары.

Ол туралы не белгілі

Таалатбек Масадықов 1961 жылдың қаңтарында туған.
1984 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша тәмамдаған, 1991 жылы МГУ-де ауған әдебиеті жөнінде кандидаттық диссертация қорғаған. 2000–2002 жылдары Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің докторантурасында оқыды.
2002–2014 жылдары БҰҰ құрылымдарында қызмет етті: саяси кеңесші, аймақтық офистердің басшысы және Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының саяси директоры болды.
2016 жылы Токио университетінде Ауғанстандағы бейбіт процесс және өңірлік қауіпсіздік тақырыбында дәріс оқыды.
2017 жылы Қырғызстан президенті сайлауына түсті.
2021 жылы Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, 2022–2023 жылдары президенттің арнайы өкілі болды. 2024 жылдың қаңтарынан — ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары. Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие.
Үйленген, үш баласы және үш немересі бар. Қырғыз, орыс, ағылшын және пушту тілдерін еркін меңгерген.