Полиция өкілдері осыған дейін іздеуде болған "Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясы" қоғамдық ұйымының төрағасы ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қалалық ІІД Тергеу басқармасының мәліметінше, "Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясы" қоғамдық ұйымының төрағасы Т.Ж.Акуов қылмыстық іс аясында осыған дейін іздеуде болды. Сол кезде оған сот сырттай үкім шығарған - бұлтартпау шарасы түріндегі қамауға алу туралы шешім", - деп хабарлады полиция өкілдері. Жедел-іздестіру шаралары барысында Акуовтың Қарағандыда ұсталғаны және тергеу шараларын жүргізу үшін Алматыға жеткізілгені айтылады. "Алматы полициясы Акуовтан зардап шеккен азаматттардан Алматы қалалық Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасына арыз жазуларын немесе мына нөмірлер бойынша хабарласуын сұрайды: 254-41-15 және 8-705-555-53-44", - деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.