Тағы да көше кезген жалаңаш әйел. Бұл жолы киімін түгел шешіп тастаған әйел Алматы көшелерін шарлап, жұрттың жағасын ұстатты, деп жазады ERNUR.KZ.
Тағы да көше кезген жалаңаш әйел. Бұл жолы киімін түгел шешіп тастаған әйел Алматы көшелерін шарлап, жұрттың жағасын ұстатты, деп жазады ERNUR.KZ. sn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Мұны қызық көрген куәгерлер дереу видеокамераға түсіріп, бейнекадрларды әлеуметтік желілер арқылы таратуда.
Осы видеокадрлардан әйелдің орта жаста екенін аңғаруға болады. Ол тырдай жалаңаш шешініп тастаған. Алайда, әйелдің мұндай қадамға не үшін барғаны белгісіз. Видеоға пікір жазғандар оның мас немесе науқас болуы мүмкін екенін айтуда.
Еске салайық, Шымкентте де дәл осыған ұқсас жағдай болған еді. Ол кезде Байтұрсынов пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында тек іш киіммен ғана жүрген орта жастағы әйел жол қозғалысын шектемек болған.