Шығу тегі белгісіз 80 000 ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды.
ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті дәрі-дәрмектерді заңсыз тасымалдауға тосқауыл қойды, деп жазады sputnik.kz.
"ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысының "Алтынкөл" теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті", - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.
Шығу тегі белгісіз 80 000 ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті дәрі-дәрмектерді заңсыз тасымалдауға тосқауыл қойды
Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілді.