Жеке локомотив бригадалары орташа жарақат алды.
фто:Sputnik / Алексей Филиппов
ERNUR.KZ. Сарысу разъезі маңындағы жекеменшікке тиесілі тепловоз бен локомотив соқтығысты, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 15 қазан сағат 10:10-да Ұлытау облысы аумағындағы жеке жолдарда болған.
"Салдарынан бес бос вагон мен тепловоз аударылды. Жеке локомотив бригадалары орташа жарақат алды", - деп жазылған хабарламада.
Пойыз апаты басқа пойыздар қозғалысына және магистральдық желі жұмысына әсер еткен жоқ.