Тойда экс-келінін ұрып құлатқан қайын ата үйқамаққа жіберілді

0
81

Сондай-ақ ведомство ер адамның біреуді қорқытқаны туралы ешкімнен арыз-шағым түспегенін алға тартты.


Тойда экс-келінін ұрып құлатқан қайын ата үйқамаққа жіберілді

Фото: Видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Түркістан облысында полиция соттың үйлену тойында ән айтқаны үшін бұрынғы келінін бірнеше рет ұрған ер адамды не себепт үйқамаққа жібергенін түсіндірді, деп жазады Skifnews.kz.

Полицияның мәліметінше, алғашында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Кейін соттың санкциясымен оған тергеу кезеңінде бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ түрі қолданылды.

“Қазір қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді полиция.

Сондай-ақ ведомство ер адамның біреуді қорқытқаны туралы ешкімнен арыз-шағым түспегенін алға тартты.

“Соған қарамастан, тергеу барысында барлық уәждер мұқият зерттеледі. Тергеу аяқталғаннан кейін оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаларға құқықтық баға беріледі”, – делінген хабарламада.