"Учаске" жедел-алдын алу шарасы кезінде Астана қ. ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан азаматын ұстады.
Фото: pexels
ERNUR.KZ. Астанада адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адам тұтқындалды, деп жазады zakon.kz.
Қала полициясының ақпаратынша, "Учаске" жедел-алдын алу шарасы кезінде Астана қ. ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан азаматын ұстады.
"2022 жылы 34 жастағы ер адам өзінің елінде тойда қонақтардың бірімен жанжалдасу кезінде оны соққыға жыққан, нәтижесінде ер адам қайтыс болды.Ер адамның пробациялық бақылауда болғаны анықталды, алайда 2023 жылы ол елден кеткен. Ағымдағы жылдың қараша айында ер адамға қатысты халықаралық іздеу жарияланды. Кейін полицейлер оны елорданың сауда үйлерінің бірінен анықтап, ұстады",- делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ұсталған адам Уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды, ол экстрадициялау шешімі шыққанға дейін сол жерде болады. Жақын арада ол іздеу бастамашысы – Тәжікстан Республикасының қылмыстық іздеу органына тапсырылады.
Бұған дейін Алматы полициясы айдауылдау қызметінің көлігінен қашып кеткен күдіктінің жеке басын ашқаны хабарланған болатын.