Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді

0
113

Бұл Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын редакциясындағы 405-бабында қарастырылған.


Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді

ERNUR.KZ. Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды. Бұл туралы Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп жазады baq.kz.

Аударылған ақшаға салық салына ма?

Ведомство түсіндіргендей, мұндай аударымдар сыйға тарту болып саналады, жеке сипатқа ие және салық салуға жататын кірістерге жатпайды.

Бұл Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын редакциясындағы 405-бабында қарастырылған.

Осылайша, мерекеде немесе басқа да жеке себептермен сыйлық ретінде алынған ақшаға салық салынбайды.