Тоқаев адамдардың жиналуына қатысты қатаң ескерту жасады

0
1 120

Қандай да бір сын айту да, заң аясында болуы тиіс.


Тоқаев адамдардың жиналуына қатысты қатаң ескерту жасады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда адамдардың жиналуы рұқсатпен болуы шарт екенін еске салды, деп жазады Zakon.kz.

"Менің түсінігімдегі әділеттік – заңның салтанат құруы. Мемлекеттік шенеуніктер де, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де, барлығы да заңға бағынуы керек. Сондай-ақ, заңды еліміздің азаматтары да сақтауы қажет. Заң бәріне бірдей. Қандай да бір сын айту да, заң аясында болуы тиіс. Егер адамдардың жиналуына қатысты айтар болсақ, ол да рұқсатпен болуы шарт. Сондықтан, мен біздің елде заңдардың сақталатынын қатаң ескертемін", делінген астына Қасым-Жомарт Тоқаев деп жазылған мәтінде.