Ақпараттық қауіпсіздік туралы заңнамаға өзгеріс енгізілді.
ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір заңнамалық актілерге қол қойды, деп жазады baq.kz.
"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", - делінген хабарламада.