Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.
ERNUR.KZ. Президент отырыста еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сөз болатынын айтты, деп жазады zakon.kz.
"Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес. 11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр", – деді Президент.
Сондай-ақ ол елде 20 қараша күні өткен сайлауға тоқталды.
"Жуырда өткен Президент сайлауы – бұл халықтың бізге артқан зор сенімі және қолдауы. Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз".Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданғанын атап өтті.