Италияның 270 компаниясы Қазақстанда өз істерін жүргізіп отыр.
фото: baq.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның министрлер Кеңесінің төрағасы Жоржия Мелонимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Жоржия Мелони өзінің твиттер парақшасында жазды.
"Қазақстан Президентімен Рим мен Астана қалаларының арасындағы екіжақты берік қарым-қатынастың жоғары дәрежеде екенін және әрі қарай да ортақ қызығушылықты нығайтып, беріктете түсетін тамаша, жүрекжарды әңгіме болды. Президент Тоқаевқа Эмилии-Романьедегі тасқын құрбандары үшін Италия билігіне көңіл айтқаны үшін алғысымды білдіремін", - деп жазды ол.
Айта кетейік, екі ел арасындағы сауда-саттық қарым-қатынас жолға қойылған, көлемі ауқымды, 11 млрд теңге шамасында. Италияның 270 компаниясы Қазақстанда өз істерін жүргізіп отыр.