Тоқаев Куба президентін революция күнімен құттықтады

0
75


Тоқаев Куба президентін революция күнімен құттықтады

ERNUR.KZ Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады stan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен оның отандастарын Куба Республикасының ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады.

“Президент жеделхатта Қазақстан мен Куба арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін одан әрі тереңдей беретініне сенім білдірген”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал Куба халқына құт-береке тіледі.