Тоқаев Куба президентін революциялық жеңіс күнімен құттықтады

0
57

Тоқаев Кубаға құттықтау жолдады.


Тоқаев Куба президентін революциялық жеңіс күнімен құттықтады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқав Куба президенті Мигель Марио Диас-Канел Бермудесті революцияның Жеңіс күнімен құттықтады, деп жазады Stan.kz.

Тоқаев Кубаға құттықтау жолдады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудесті және Куба халқын ұлттық мереке – революцияның Жеңіс күнімен құттықтады", – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ынтымақтастық тұрақты нығая түсетініне сенім білдірді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канел Бермудеске жауапты қызметінде табыс, ал Куба халқына амандық пен дамуды тіледі", – деп жазды Ақорда.