Тоқаев Назарбаевты туған күнімен құттықтады

0
103

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Астанаға көшіру туралы шешімінің маңызы айрықша екеніне тоқталды.


Тоқаев Назарбаевты туған күнімен құттықтады
© AP Photo
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы құттықтауында тұңғыш президенттің заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалау, Қазақстан Республикасын құру, еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту және халықаралық аренадағы орны мен беделін бекемдеу жолындағы тарихи миссиясын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Астанаға көшіру туралы шешімінің маңызы айрықша екеніне тоқталды.
"Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді", – делінген құттықтауда.
Мемлекет басшысы тұңғыш президентке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.