Тоқаев өрттен қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады

0
766

Тоқаев қаза тапқандардың отбасына қаржылай да, басқа да көмек көрсетілетінін айтты.


Тоқаев өрттен қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Мен сіздер үшін жауаптымын. Мен Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Өте ауыр жағдай екенін түсінемін. Асыраушыларыңызды, отағасын, ең жақын туыстарыңызды жоғалттыңыздар. Өкінішке қарай, өмірде мұндай қайғылы жайттар болады. Мұны ақтайтын ешқандай себеп жоқ. Тағы да айтамын. Моральдық және материалдық көмек көрсетіледі", - деді ол.

Тоқаев қаза тапқандардың отбасына қаржылай да, басқа да көмек көрсетілетінін айтты.
"Балалар балабақшаға, ЖОО-ға орналастырылады – бәрі орындалады. Мен, әрине, сіздермен біргемін. Сіздер – еліміздің азаматысыздар. Зардап шеккен барлық отбасыға жеке жәрдемақы тағайындалады. Мен сіздерге уәде беремін. Президент жанынан арнайы қор құрылады. Зардап шеккендерге жеке көмек көрсетемін", - деді ол.