Билбордтарды мемлекетіміздің нақты жетістіктерін көрсетуге арнау керек.
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауда орнатылып үлгерген, өз суреті салынған билбордтарды сынға алды, деп жазады Zakon.kz.
"Ақтауда менің суретім салынған 14 билборд орнатылғанын хабарлады маған. Мұны мүлдем орынсыз деп санаймын, маған ондай насихаттың керегі жоқ. Ондай әкімшілік пысықайлық не керек?" – деді ҚР Президенті Маңғыстау облысының қоғам өкілдерімен кездесу барысында.
Оның айтуынша, билбордтарды Елбасы бастаған мемлекетіміздің нақты жетістіктерін көрсетуге арнау керек.
"Бұл менің барлық әкімдерген беретін нұсқауым," – деді ҚР Президенті.
Бұған дейін Президент пен Тұңғыш Президенттің суреті салынған баннерлердің фотосы желіде тарап кеткен болатын.